profile image
by kmc_kz
on 24/6/16
Шымкент қаласында «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында 96 пәтер пайдалануға берілмек
---------------------------------------------------------------------------------
Бәйтерек Холдингінің еншілес ұйымы «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ «Нұрлы Жол» аясындағы жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыратын операторлардың бірі болып табылады. Бағдарламаның маңыздылығын, өзектілігін, әлеуметтік сипатын есепке ала отырып, мемлекет оны жүзеге асыру процесінде ашықтыққа қол жеткізуде барлық амалдарды қарастырған. Осы мақсатта ағымдағы жылы компания объектілер бойынша турлар өткізуде, яғни, бағдарлама аясында үлестіру, азаматтарға бағдарламаны жүзеге асыру процесін бақылату, құрылыс жұмыстары, сондай-ақ қатысушылар қоныстанатын тұрғын үй сапасының сақталауын қадағалау басты назарға алынған.
Ағымдағы жылдың 24 маусымында Шымкент қаласында бағдарлама аясында жүзеге асыру үшін Компания иелікке алған объектіде «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» және БАҚ өкілдері бас қосты. Тұрғындарға үлестіруге жалпы ауданы 5,4 мың шаршы м. құрайтын 96 пәтер таныстырылды. Оның ішінде 21 бір бөлмелі пәтер (40,51 м2), 48 екі бөлмелі пәтер (54,38 м2 бастап 55,2 м2 дейін), 24 үш бөлмелі пәтер (67,5 м2 бастап). Қазіргі уақытта Төлеметов көшесіндегі иелікке алынған объектіде құрылыс жұмыстары жалғасуда, тұрғын үй салушы – «Отау-Строй» ЖШС. Құрылыста Қазақстанда жасалған материалдар пайдаланылуда, импорттық және отандық өнім, нақты айтқанда керамогранит, линолиум, цемент, есік блоктары, лак және бояу материалдары, жылытқыштар; Отандық өндіріс материалдары – бетон, газблоктар, полиэтилендік құбырлар, терезелер мен витраждар, әрлеу жұмыстары үшін құрғақ қоспалар, асфальт-бетондық қоспалар, темір-бетондық бұйымдар (науалар, бардюрлік тастар, тас төсемелер) және т.б. Импорттық өнім материалдары – арматура, лифттер, санфаянс (ресейлік өнім). «Пәтерлер осы жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілмек, мұның барлығы таза әрлеуде және газ плитасымен бірге тұрғындарға табысталады деп атап өтті», - «Отау-Строй» ЖШС бас инженері Акимов Абжат.
2016 жылы «Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласына айналма жол бойындағы көпқабатты үйлердің құрылысы» бірлескен жобасын жүзеге асыруға қол қойылды, жоба мемлекеттік-жеке серіктестік принципінің негізінде орындалмақ. Бұл – ауданы 7,8 шаршы мың м. құрайтын 144 пәтер. «Оның ішінде тұрғын үйде 36 бір бөлмелі пәтер (39,68 м2), 72 екі бөлмелі пәтер (54,39 м2 бастап 55,21 м2 дейін), 36 үш бөлмелі пәтер (68,48 м2 бастап) орналасады деді», - «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Досмұхаметов Болат Сейілханұлы.
Сонымен қатар, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ және «Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы «Бәйтерекдевелопмент» АҚ Шымкент қаласында бағдарлама аясында жалпы ауданы 51 мың шаршы м. құрайтын 900 пәтердің құрылысын жүргізуде. Оның ішінде – 300 бір бөлмелі пәтер (42 м2), 300 екі бөлмелі пәтер (54 м2), 300 үш бөлмелі пәтер (74 м2 бастап). Осылайша 2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында ауданы 64,2 шаршы мың м. құрайтын 1140 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда.
Жалпы, ағымдағы жылдың соңына дейін «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында, «Бәйтерек» Холдингінің қолдауымен еліміз бойынша барлығы 326 мың шаршы.м-ден аса пәтерді пайдалануға беруді жоспарлауда.
2015 жылы Шымкентте «Бәйтерек» Холдингінің қолдауымен 85,7 шаршы мың м. немесе 1,5 мыңнан аса пәтер жүзеге асырылды. 2015 жылдың қорытындысы бойынша Компания жалпы ауданы 425,4 шаршы мың м. (7234 пәтер) жалға берілетін тұрғын үйді пайдалануға берді. Бағдарламаның жоспарлық көрсеткіші – 401,1 шаршы мың м., яғни 2015 жылы жүзеге асырылған пәтер көлемі жоспарлық көрсеткіштен 24,3 мың шаршы м. артығымен орындалды. Тұрғын үйлер Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Семей, Талдықорған, Тараз қалаларында, сонымен қатара Алматы, Ақмола және Шығыс - Қазақстан облыстарында енгізілді.
Жалға берілетін тұрғын үйдің 1 шаршы м. құны Алматы және Астана қалаларында шамамен алғанда 1 120 тг. құраса, аймақтарда, оның ішінде Шымкент қаласында шамамен алғанда 923 тг.
«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» тармағы бойынша жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына жергілікті атқарушы органда (ЖАО) баспана алуға кезекте тұрған жандар қатыса алады, ЖАО өз кезегінде бағдарламаға қатысушылар арасынан іріктеу және тұрғын үйді үлестірумен айналысады. Тұрғын үйге кезектегі әлеуметтің осал топтарын келесідегідей қоғамдық топтар құрайды: көп балалы және толық емес отбасылар, мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оралмандар, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, арнайы мелекеттік органдардың және бюджеттік саланың қызмтекерлері.