Қазіргі кезде елімізде Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында көптеген жұмыстар жасалынып жатыр. Өндіріс орындарында, өнеркәсіпте біраз маңызды жұмыстар қолға алынды. Солардың бірі – теміржол дөңгелектерін шығарумен айналысатын «Проммашкомплект» ЖШС 2017 жылдың екінші жартысында өндірісті 1,7 есеге арттыруды жоспарлап отыр.
Қолда бар мәліметтерге қарағанда, осы жобамен «Бәйтерек» АҚ холдингінің еншілес ұйымы «Қазақстанның даму банкі» АҚ айналысуда. Банк жобаны 2015 жылдың шілде айынан қаржыландыра бастады. Бұл жоба елімізді индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылмақ. Оның жалпы құны – 50,9 млрд. теңге. Осы соманың 71 пайызы Қазақстанның даму банкі тарапынан қаржыландырылады. Банк әрине, ақшаны қарызға береді. Қарызды өтеу мерзімі 19 жылға дейін. Бүгінгі таңда банктің несиелеуге берген қаржысы 90 пайызға игерілді.